Қазақстанның бірінші ракеткасы Бейжіңдегі турнирден шығып қалды
Бұған дейін Данилина мен Кравчик алғашқы айналымда жапониялық Сюко Аояма және Тайвань өкілі Лян Ен-Шуо жұбын 6:3, 6:3 есебімен жеңген болатын.
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Бейжіңде өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирде жарысын аяқтады.
Қазақстандық теннисші америкалық Дезире Кравчикпен бірге 1/8 финалда жеңіліп, ширек финалға өте алмады.
Екі сетте жол берді
Данилина мен Кравчик Жаңа Зеландия өкілі Эрин Рутлифф және индонезиялық Алдила Сутджиади жұбымен кездесті.
Матч қарсыластарының пайдасына 6:4, 6:4 есебімен аяқталды. Кездесу 1 сағат 26 минутқа созылды.
Айта кетейік, бұған дейін Данилина мен Кравчик алғашқы айналымда жапониялық Сюко Аояма және Тайвань өкілі Лян Ен-Шуо жұбын 6:3, 6:3 есебімен жеңген болатын. Алайда екінші кездесуде қазақстандық-америкалық дуэт турнирдегі жорығын жалғастыра алмады.