Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингті жариялады.
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингті жариялады.
Топ-3 өзгеріссіз қалды: бірінші орында беларусь Арина Соболенко, екінші орында польшалық Ига Швёнтек, ал үшінші орында америкалық Кори Гауфф тұр.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бесінші орнын сақтап қалды. Юлия Путинцева бір сатыға төмендеп, 29-шы орынға түсті. Өткен аптада Рыбакина WTA қорытынды турнирінде өнер көрсетіп, әлемнің төртінші ракеткасы Италиядан келген Жасмин Паолиниден жеңіліс тапқан еді.
Жұптық рейтингте бірінші орынды чехиялық Катержина Синякова иеленсе, одан кейін Жаңа Зеландиядан Эрин Рутлифф және украиналық Людмила Кичёнок орналасқан.
Қазақстанның жұптық сындағы үздік өкілі Анна Данилина 22-ші орында қалып отыр. Путинцева 111-ші орында, ал Жібек Құламбаева тоғыз саты төмен түсіп, 150-ші орынды иеленді.