Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Мақтаған қыз тойда... Рыбакина өз тобынан шыға алмады

Редактор Penalty.kz
04.11.2024, 23:14

Отандасымыз топтан шығу мүмкіндігінінен айырылды. 

liveresult.ru

Қазақстандық теннисші Елена Рыбалкина (WTA рейтингінде 5-ші орын) Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан қорытынды турнирде топтан шыға алмады. Беларусь спортшысы Арина Соболенко (1-ші) италиялық Жасмин Паолиниді (4-ші) жеңгеннен кейін Рыбакинада жартылай финалға жолдама алу мүмкіндігі мүлдем қалмады. 

Бұған дейін отандасымыз екі кездесу өткізіп, екеуінде де қарсыласына есе жіберген болатын. 

Қазір топ көшбасшысы Арина Соболенко. Италиялық Жасмин Паолини (4-ші) мен қытайлық Чжэн Цинвенде (7-ші) бір жеңістен. 

Айта кетейік, турнирдегі соңғы матчында Елена Рыбакина Арина Соболенкомен кездеседі.