Рыбакинаның бапкері шәкіртінің "Үлкен дулыға" турнирлерін жеңу мүмкіндігіне баға берді

Редактор Penalty.kz
08.11.2024, 09:13

Бұған дейін отандасымыз әлемнің бірінші ракеткасы атану мақсатын қойғанын мәлімдеген еді.

El.kz

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның жаңа бапкері Горан Иванишевич шәкіртінің ірі турнирлерде сәтті өнер көрсету мүмкіндігіне қатысты өз бағасын берді. 

"Мен оны әлі жақсы білмеймін, бірақ оның фитнес жаттықтырушысы Томаш Бердыхпен біз бірге жұмыс істегенбіз. Жалпы, Турда оның тамаша адам екені айтылады. Ойын жағына тоқталар болсақ, оның бойы биік, соққысы күшті. Ойыны агрессивті. Ол да мен сияқты Уимблдонды жеңіп алған. Мен оған үйретерім бар екенін сеземін. Елена қазірдің өзінде әлемнің бесінші ракеткасы, бірақ оның тағы да «Үлкен дулыға» турнирлерін жеңе алатынына сенімдімін, — деді Иванишевич Tennis Majors-қа берген сұхбатында.

Айта кетейік, WTA-ның қорытынды турнирінде Рыбакина сәттсіз өнер көрсетіп, жартылай финалға шыға алмаған еді. Осыдан кейін, отандасымыз «Үлкен дулыға» турнирлерінде көбірек жеңіске жетіп, әлемнің бірінші ракеткасы атану мақсатын қойғанын мәлімдеген болатын.