Елена Рыбакина Саудиядағы турнирде қанша табыс тапты?

Редактор Penalty.kz
08.11.2024, 21:00

WTA қорытынды турнирінде отандасымыз 3 кездесудің екеуінде жеңіліп, топтан шыға алмай қалған еді. 

NewTimes.kz

WTA қорытынды турнирі Елена Рыбакина үшін спорттық тұрғыдан сәтсіз өткені сөзсіз. Алайда қаржылық жағынан олай деуге келмейді. 

Sportskeeda мәліметі бойынша, биылғы қорытынды турнирдің жүлде қоры 15 250 000 долларды құраған. Яғни былтыр бөлінген сомадан 6 миллионға көп. 

Сондықтан  турнирге қатысқан әр теннисшіге 335 мың доллар мөлшерінде сыйақы берілді. Бұдан бөлек, әр кездесудегі жеңіс үшін спортшы тағы 350 мың доллардан алады.

Елена Рыбакина алғашқы екі матчта қарсыласқа есе жіберіп, соңғы ойында әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенканы жеңгенін ескерсек, 585 мың доллар табыс тапқан болып шығады.