Михаил Кукушкин Аустралиядағы жарысты жеңіспен бастады
28.12.2024, 11:36
Отандасымыз ATP 250 турнирінің іріктеу сайысында өнер көрсетіп жатыр.
Sportburo.kz
Әлемнің 113-ракеткасы Михаил Кукушкин Аустралияның Брисбен қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады.
Отандасымыз алғашқы кездесуінде дүниежүзілік рейтингіде 204-орында тұрған италиялық Андреа Колларинимен шеберлік байқасып, жеңіске жетті.
Бірінші партияны Кукушкин екі брейкпен тәмамдады - 6:2.
Екінші сетте де Михаил өз мүмкіндігін жіберген жоқ - 6:4.
Енді Кукушкин іріктеу сайыстарының финалында рейтингіде 168-сатыдағы Аустралия өкілі Тристан Скулкейтпен кездеседі. Оны жеңсе, негізгі жарысқа жолдама алады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама