Михаил Кукушкин Брисбенде негізгі жарысқа жолдама алды
29.12.2024, 10:35
іріктеу кезеңінің ақтық ойынында аустралиялық теннисші Тристан Скулкейтпен бақ сынасты.
olympic.kz
Әлемнің 113-ракеткасы Михаил Кукушкин Брисбендегі ATP 250 турнирінің іріктеу сайысын сәтті өткізді.
Қазақстандық теннисші іріктеу кезеңінің ақтық ойынында аустралиялық теннисші Тристан Скулкейтпен бақ сынасып, 6:4, 6:4 есебімен екі сетте жеңіске жетті.
Осылайша, отандасымыз негізгі жарысқа жолдама алды. Оның қарсыласы кім болатынын алдағы уақытта анықталады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама