Қазақстан United Cup турниріндегі жарысын аяқтады
04.01.2025, 10:49
Теннистен United Cup турнирінің жартылай финалында Қазақстан мен Польша арасында матчтық кездесу өтті.
fanday
Бірінші болып кортқа Александр Шевченко (ATP рейтингтегі орны 78) шықты. Оның қарсыласы Хуберт Хуркач (16-шы орын) болды. Матч 6:3, 6:2 есебімен польшалық теннисшінің пайдасына шешілді.
Ал Елена Рыбакина (WTA рейтингтегі орны 6) Ига Швёнтектен (2-ші орын) 6:7, 4:6 нәтижесімен жеңіліп қалды.
Осылайша Польша Қазақстаннан екі матчта басым түсіп, турнирдің финалына өтті.
Еске сала кетсек, Қазақстан топтық кезеңді екі жеңістен бастаған (Испании 2:1 және Грекия 3:0), ал ширек финалда Германиядан (2:1) мықты болды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама