Бүгін Мельбурн кортына Қазақстан атынан алғаш болып Александр Шевченко шықты.
Оған бірінші айналымда әлемнің үшінші ракеткасы испаниялық Карлос Алькарас қарсылас атанды. Матч - 1:6, 5:7, 1:6 есебімен аяқталды.
Еске сала кетсек, былтыр екі теннисші Мадридтегі мастерстің екінші айналымында кездесіп, тағы да Алькарас (6:2, 6:1) басымдық танытқан еді.