Australian Open: Әмір Омарханов екінші айналымға жолдама алды
19.01.2025, 10:05
Әмір Омарханов теннистен жасөспірімдер арасында Австралия ашық чемпионатының келесі кезеңіне өтті.
NUR.KZ
Жасөспірімдер арасында ITF рейтингісінде төртінші орында тұрған қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін әлемнің 45-ракеткасы, америкалық Матис Фарзаммен өткізді.
Екі сет те тартысты өтіп, Әмірдің пайдасына шешілді – 7:6 (7:3), 7:6 (10:8).
Кеше Заңғар Нұрланұлы алғашқы ойынында жеңіске жетіп, екінші айналымға шыққан еді. Ол 1/16 финалда болгариялық Александр Васильевпен ойнайды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама