Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Кемпердегі Челленджер турнирінің екінші айналымына шықты.
ATP рейтингінде 110-шы орын алатын Кукушкин әлемнің 129-шы ракеткасы словакиялық Йозеф Коваликпен шеберлік байқасты.
Матч үш сетке созылды. Алғашқысында словакиялық теннисші тайбрейкте Михаилды қап қалдырды. Кейін қазақстандық теннисші жеңіске деген жігерлік танытып, қарсыласын 6:3, 6:4 есебімен тізе бүктірді.
Кукушкин турнирдің екінші айналымында корт иесі Титуан Дрогемен сынға түседі.