Бейбіт Жұқаев пен Денис Евсеев Португалиядағы турнирдің екінші айналымына шықты
22.01.2025, 19:59
Оэйраш қаласында теннистен Челленджер турнирі өтіп жатыр.
sportburo.kz
Бейбіт Жұқаев бірінші айналымда корт иесі Гаштау Элиашты екі сетте тізе бүктірді. Қорытынды есеп – 6:3, 6:2.
Енді ол турнирдің ширек финалдық жолдамасын қазақстандық тағы бір теннисші Дмитрий Попкомен сарапқа салады.
Ал Денис Евсеев әлемнің 144-ракеткасы словакиялық Лукаш Клейнді оңай жеңді. Денис қарсыласына екі сет нәтижесі бойынша небәрі төрт гейм ұтылды. Оған екінші айналымда франциялық Валентин Ройе қарсы тұрады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама