Реклама
Реклама

Михаил Кукушкиннің Франциядағы матчы сұмдық нәтижемен аяқталды

Сарапшы, спорт журналисі
29.01.2025, 21:25

Қазақстандық теннисші Монпелье ATP 250 турнирінің бірінші раундынан аса алмады.  

sputnik.kz

Қазақстанның бұрынғы бірінші ракеткасына грузиялық Николоз Басилашвили қарсылас болды. Дәл қазір Кукушкин АТР рейтингте 112-орында болса, Басилашвили 68 позиция төмен тұр. Ал 2019 жылы Басилашвили әлемдегі үздік теннисшілер арасында 16-сатыда орналасты.   

Дей тұрғанымен үш сетке созылған кездесу грузиялық спортшының жеңісімен (6:3, 3:6, 5:0) аяқталды. Кукушкин ақырғы сеттің алтыншы геймын ойнаудан бас тартты.

Еске сала кетсек, былтыр дәл осы турнирде Александр Бублик топ жарды. Ол чемпиондық титулды бүгін германиялық Доминик Кёпферге қарсы кездесуде қорғайды.

Реклама
Реклама