Александр Бублик Монпелье турнирінің ширек финалында

Редактор Penalty.kz
30.01.2025, 11:57

Қазақстанның бірінші, әлемнің 39-ракеткасы Александр Бублик Монпелье ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты.

informburo.kz

Қазақстандық теннисші турнирді екінші айналымнан бастады. Оған ATP рейтингте 118-орында тұрған германиялық Доминик Кёпфер қарсы тұрды. Бірінші партия 6:4 есебімен Бубликтің пайдасына шешілді. Ол екінші сетте де қарқынын жоғалтпай, 6:2 есебімен жеңіске жетті. 

Бублик жартылай финалға шығу үшін әлемнің италиялық Маттия Беллуччи немесе америкалық Александр Ковачевичтің қай жеңгенімен таласады.