Италиялық теннисші Янник Синнер ATP рейтингінде 36 апта бойы көш бастап келеді.
Теннис әлемінде тағы бір рекорд тіркелді. «Үлкен дулыға» турнирінің үш дүркін чемпионы, әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнер ATP рейтингінің көшін 36 апта бойы бастап келеді. Осылайша, Синнер испан теннисшісі Карлос Алькараспен теңесті.
Екі теннисші де ATP рейтингінің бірінші сатысында 36 апта бойы тұрған. Бірақ Синнер бұл орынды үзіліссіз ұстап тұрғанын атап өткен жөн.
Қазіргі рейтинг жағдайы
2025 жылғы 10 ақпандағы мәліметке сәйкес, Янник Синнердің еншісінде 11 830 ұпай бар. Ал Карлос Алькарас 7 510 ұпаймен әлемдік рейтингтің үшінші сатысында