Бүгін Қарағандыда бокстан 2025 жылғы әлем чемпионы Аида Әбікееваға ерекше құрмет көрсетілді. Ел мерейін асырған спортшы Chevrolet Monza көлігінің иесі атанды.
Көлік кілтін Қарағанды облыстық бокс федерациясының президенті, кәсіпкер Камалутин Халиков өз қолымен табыстады. Ал Аиданың жеке жаттықтырушысы Ислам Абдраимовқа 3000 АҚШ доллары (шамамен 1,5 миллион теңге) көлемінде сертификат берілді.
Аида Әбікева 63 келі салмақ дәрежесінде 2025 жылғы әлем чемпионатында алтын жүлде иеленді. Ол — Қарағанды әйелдер боксының тарихында әлем чемпионы атанған алғашқы спортшы. Бұл — өңір спорты үшін айтулы жетістік.
Аидамен бірге Қазақстан қоржынына алтын медаль салған тағы екі боксшы бар:
Олардың әрқайсысы 215 000 АҚШ долларынан сыйақы алды: