Қазақстандық танымал боксшы, бірнеше беделді тұжырым бойынша (IBO, WBF, WIBF, WBC) әлем чемпионы атанған Ангелина Лукас Instagram парақшасында Египеттегі демалысынан суреттерін бөлісті.
Ангелина Египеттің атақты Гиза пирамидаларының фонында түсірілген фотоларын жариялап, сол тарихи орын туралы әсерін бөлісті. Әлемнің жеті кереметінің бірі саналатын бұл ескерткіштер жанындағы суреттері әлеуметтік желідегі оқырмандардың ерекше қызығушылығын тудырды. Жанкүйерлер жүрекшелі эмодзилермен толассыз пікір жазып, қолдау көрсетті.
Еске сала кетейік, Ангелина Лукас жуырда әлемнің үздік үш боксшысының қатарына кіріп, абсолютті чемпион атағына үміткер ретінде тіркелген. Бұл оның кәсіби мансабындағы маңызды қадамдардың бірі.
Қазір Лукас кәсіпқой рингте 15 жекпе-жек өткізіп, соның 14-інде жеңіске жеткен. Оның ішінде 7 кездесуді мерзімінен бұрын аяқтаған. Тек бір рет қана жеңіліс тапқан.