Бокстан Азия чемпионатына кімдер қатысады? (ВИДЕО)
17.04.2025, 01:12
19–30 сәуір аралығында Иордания астанасы Амманда бокстан жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтеді.
prosports.kz
Бұл — World Boxing ұйымының бастамасымен ұйымдастырылып отырған алғашқы құрлықтық дода. Жарысқа Азияның 18 елінен 400-ге жуық спортшы қатысады.
Қазақстан атынан бұл бәсекеге 2009–2010 жылдары туған 13 жас боксшы аттанады.
Қазақстан жасөспірімдер құрамасының толық тізімі:
- 46 кг – Жұмағали Нұрмахан
- 48 кг – Рүстем Сапархан
- 50 кг – Халиф Расул
- 52 кг – Темірәли Темірбаев
- 54 кг – Досжан Жұмахан
- 57 кг – Әзиз Дулат
- 60 кг – Анвар Ыдырысов
- 63 кг – Алдияр Баяндинов
- 66 кг – Даниал Шалқарбай
- 70 кг – Қуаныш Орынбасар
- 75 кг – Санжар Матасов
- 80 кг – Мұхамедали Рүстембек
- +80 кг – Ринат Ерболұлы
Команданы жарысқа аға бапкер Бағдат Оңғарбеков бастап апарады.
Бұл чемпионат жас спортшылар үшін халықаралық аренада өздерін танытуға таптырмас мүмкіндік. Алдағы додадан отандық жанкүйерлер үлкен үміт күтеді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама