Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Есбол Сұлтанов бастаған таеквондошылар Ташкентте жүр

Редактор Penalty.kz
18.04.2025, 06:31

Таеквондодан Қазақстан ұлттық құрамасы Ташкентте халықаралық оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Командаға белгілі бапкер Есбол Сұлтанов жетекшілік етеді.

sports24.kz
Реклама
Реклама

Аталған жиын алдағы "President’s Cup – Asia G3", "'Spanish Open G1" және "Austrian Open" сынды жоғары деңгейдегі халықаралық жарыстарға дайындық мақсатында ұйымдастырылған. Жаттығу барысында спортшылар техникалық әрі тактикалық дайындықтарын жетілдіріп, жарысқа қажетті физикалық формаға келуде.

Ташкенттегі жиынға түрлі елдердің таеквондошылары да қатысып жатыр. Қазақстандық спортшылар Өзбекстан, Иордания, Қытай, Беларусь, Грузия, Тунис және Сауд Арабиясынан келген спортшылармен бірге тәжірибе бөліседі. Мұндай халықаралық байланыстар спортшылардың шеберлігін арттырып, әр елдің әдістемелік ерекшеліктерін үйренуге сеп болмақ.

ФОТО: sportbugin.kz

Жаттығу жиынына Қазақстаннан 20 спортшы аттанды. Олар 20 сәуірге дейін Өзбекстанда жаттығуларын жалғастырып, жарыс алдындағы соңғы дайындықты өткізеді.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары