Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Ресей жерінде өткен финалда қазақстандық боксшы "алтынды" жұлып әкетті

Редактор Penalty.kz
19.04.2025, 15:50

Хабаровск қаласында Константин Коротковты еске алуға арналған халықаралық бокс турнирінде суперауыр салмақтағы финалдық айқас нағыз тартысты дуэльге айналды.

фото ашық дереккөздерден алынды
Реклама
Реклама

Аса ауыр салмақта (92 келіден жоғары) рингке қазақстандық Нұрлан Сапарбай мен ресейлік Орудж Мамедов шықты. Үш раундқа созылған жекпе-жекте төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіс Сапарбайға берілді – отандасымыз турнирдің алтын медалін жеңіп алды. Ал Мамедов өз елінде өткен жарыста "күміспен" шектелді.

Айта кету керек, Нұрлан Сапарбай – Қазақстанның қазіргі чемпионы. Былтыр ел біріншілігінің финалында туған ағасы Даниалмен кездесуі керек болған. Алайда Даниал жекпе-жектен бас тартып, Нұрлан чемпион атанды. Бұл оқиға қазақстандық бокс әлемінде ерекше есте қалған сәттердің бірі болды.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары