Сағындық Тоғамбай финалда ресейлік боксшымен қолғап түйістірді

Редактор Penalty.kz
19.04.2025, 15:28

Ресейдің Хабаровск қаласында Константин Коротковты еске алуға арналған халықаралық бокс турнирінде қазақстандық ауыр салмақтағы боксшы Сағындық Тоғамбай финалда ел намысын қорғады. 

Meta-raitings.kz

Сағындық Тоғамбай 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында ресейлік Сергей Слободянмен қолғап түйістірді. Қатаң әрі қарқынды өткен үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан жеңісті жергілікті спортшыға берді. Есеп 0:5. Осылайша Слободян турнир чемпионы атанды, ал Тоғамбай – күміс медаль иегері.

Айта кету керек, Сағындық Тоғамбай — 2022 жылғы Азия чемпионаты мен Азия ойындарының қола жүлдегері. Ол Қазақстанның ауыр салмақтағы жетекші боксшыларының бірі саналады.

Финалға жолдама алу жолында Тоғамбай Қырғызстан боксшысы Бақыт Токтосун уулумен жекпе-жекке шықты. Кездесу екінші раундта тоқтатылды: рефери Сағындықтың айқын басымдығын байқап, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаған.