Аян Тұрсынның жекпе-жегі жанкүйерлерді шошытты – чемпиондық титул қолдан кетті (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
20.04.2025, 03:26

Алматыдағы Octagon 71 турнирінде Қазақстанның UFC-ке үміткері болған Аян Турсын сенсациялық жеңіліске ұшырады.

Instagram/@ayantursyn1

Алматыда өткен Octagon 71 турнирі отандық MMA жанкүйерлерінің үлкен қызығушылығын тудырды. Турнирдің басты оқиғасы ретінде жарияланған жекпе-жекте қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Аян Тұрсын (7-0) мен Қырғызстан өкілі Фарида Абдуева (4-1) чемпиондық белбеу үшін октагонда жолықты.

Минималды салмақ дәрежесіндегі Octagon лигасының чемпионы атағы сарапқа салынған бұл кездесу бес раундқа жоспарланып, толық өтті. Жекпе-жек соңында төрешілердің бөлінген шешімімен жеңіс қырғызстандық Фарида Абдуеваға бұйырды.

Бұл жеңіс Фарида Абдуева үшін кәсіби мансабындағы бесінші, әрі ең маңызды жеңіс болды. Ол енді — Octagon лигасының жаңа чемпионы. Ал осы уақытқа дейін жеңіліссіз келе жатқан Аян Тұрсын алғаш рет октагонда ұтылды.