Иордания астанасы Амманда бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты жалауын көтерді. Бұл – World Boxing ұйымы аясында алғаш рет ұйымдастырылып отырған құрлықтық дода.
Жаңа форматта өтіп жатқан чемпионатқа Азияның 18 елінен 400-ден астам спортшы жиналды. Құрлық біріншілігінде Қазақстан құрамасы да толық құраммен бақ сынауда: ұлдар және қыздар арасында 28 спортшыдан.
Турнирдің алғашқы күні рингке шыққан жасөспірімдеріміз жеңіспен бастады. Жақсылық Молдаханов баптайтын төрт спортшы да қарсыластарынан басым түсіп, келесі айналымға жолдама алды.
Чемпионаттың екінші күні Бағдат Оңғарбеков жетекшілік ететін жастар құрамасы сәтті өнер көрсетті. Төрт жекпе-жектің барлығында жерлестеріміз жеңіске жетіп, жанкүйерлердің үмітін ақтады.
Өз шеберлігін айқын көрсете білген спортшылар: