Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Дзюдо жұлдыздары Астанаға жиналмақ

Редактор Penalty.kz
21.04.2025, 17:44

Келесі айда елордада әлемдік деңгейдегі дзюдо додасы өтеді. 

GOV.KZ
Реклама
Реклама

9–11 мамыр күндері елордада дзюдодан әлемдік рейтингтік Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі өтеді. Байрақты бәсеке Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ұйымдастырылады.

Үшінші рет ел төрінде

Қазақстан бұл халықаралық деңгейдегі доданы өз жерінде үшінші жыл қабылдап отыр. Биылғы жарысқа да әлемнің ең үздік татами шеберлері қатысады деп күтілуде.

Рейтингтік ұпайлар мен Олимпиада жолдамасы

Турнирдің маңыздылығы ерекше — Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ережесіне сәйкес, Grand Slam турнирінде жүлде иелеріне әлемдік және Олимпиадалық рейтингке тікелей әсер ететін ұпайлар үлестіріледі:

  • І орын – 1000 ұпай
  • ІІ орын – 700 ұпай
  • ІІІ орын – 500 ұпай

Қазақстандықтардан үміт зор

Қазақстандық дзюдошылар өз жерінде өтетін бәсекеде ел намысын абыроймен қорғайтынына сенім мол. Жанкүйерлер мен спортсүйер қауымның қолдауы — спортшылар үшін ерекше демеу болары сөзсіз.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары