Әлемге танымал боксшы, бірінші жартылай орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Амир Хан Астанаға ресми сапармен келді. Оны елге Пәкістан елшілігі арнайы шақырған, басты мақсат — Қазақстанмен спорттық байланыстарды нығайту, әсіресе бокс саласында.
Астанаға келген Амир Хан бірқатар маңызды тұлғалармен кездесті:
2004 жылы Афина Олимпиадасында небәрі 17 жасында болған Амир Хан күміс жүлдегер атанып, жартылай финалда қазақстандық Серік Елеуовті жеңген еді. Бұл оны британдық бокстың тарихындағы ең жас Олимпиада медаль иегері ретінде танытты.
Кәсіпқой рингте Хан 40 жекпе-жек өткізді:
Жеңіс — 34
Жеңіліс — 6
Нокаутпен — 21
Ол рингте Теренс Кроуфорд, Сауль "Канело" Альварес, Заб Джуда, Марко Антонио Баррера секілді аты аңызға айналған қарсыластармен қолғап түйістірді.
Хан 2022 жылы ресми түрде спорттық мансабын аяқтады. Соңғы жекпе-жегінде Келл Брукке нокаутпен есе жіберген.
Қазір:
38 жастағы Амир Хан көрсетілім жекпе-жегіне немесе блогерлерге қарсы (мысалы, KSI немесе Джейк Пол) рингке қайта шығуға әзір екенін мәлімдеді.