Қазақстандық дзюдошы Азия чемпионатында медаль жеңіп алды (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
25.04.2025, 14:58

Таиландта дзюдодан өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы медаль жеңіп алды. Бұл алтын емес, бірақ аса маңызды жүлде.

vesti.kz

Татамиге алғашқылардың бірі болып шыққан Ғалия Тынбаева (–48 кг) Тайпэй елінің өкілі Чен-Хао Линді жеңіп, қола медальді қанжығасына байлады.

Айта кетейік, бұл нәтиже — Тынбаеваның былтырғы Азия чемпионатындағы жетістігінің дәл қайталануы.

25 жастағы алматылық спортшы жартылай финалда жапониялық қарсыласына жол беріп, финалдық жолдаман құр қалды. 

Ғалия Тынбаеваның спорттық жолы:

  • Туған күні: 1999 жылғы 23 қараша
  • Туған жері: Алматы
  • Дәреже: Қазақстанның халықаралық дәрежедегі спорт шебері
  • Әлемдік рейтинг: 11-орын (3084 ұпай)

Маңызды жетістіктері:

  • Азия чемпионы (кадеттер — 2015)
  • Азия чемпионатының қола жүлдегері (кадеттер — 2016)
  • Азия чемпионатының қола жүлдегері (жастар — 2017)
  • Азия чемпионы (жастар — 2018)
  • Азия чемпионатының финалисі (жастар — 2019)
  • Әлемдік Гран-при кезеңдерінің финалисі (2023, 2024)
  • Азия чемпионатының қола жүлдегері (2024)
  • “Grand Slam” кезеңінің қола жүлдегері (2024)
  • “Grand Slam” кезеңінің чемпионы (2024)