Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас (14-1, 7 КО) жақын арада рингке оралуға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы спортшы өзінің Instagram парақшасында жазды.
Ангелина видео жаттығуын бөлісіп, қысқа әрі нақты жазба қалдырды:
"Үлкен жекпе-жек жақын. Айқасқа 38 күн қалды".
Қарсыласы әзірге белгісіз. Дегенмен бұған дейін Лукас әлемнің абсолют чемпионы атанған АҚШ боксшысы Габриэла Фундорамен (16-0, 8 КО) жұдырықтасқысы келетінін айтқан болатын.
Өткен аптада Фундора мексикалық Мэрилин Бадильо Амайяны (19-1-1, 3 КО) жетінші раундта нокаутқа түсірген. Осылайша америкалық боксшы чемпиондық атағын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Ангелина Лукас ақпан айында боливиялық Есения Токо (1-1, 0 КО) есімді қарсыласын екінші раундта техникалық нокаутпен жеңген.