"Мен оны құртамын". Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионын дүр сілкіндірді

Редактор Penalty.kz
25.04.2025, 09:10

Орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) доминикандық WBC чемпионы Карлос Адамеспен (24-1-1, 18 КО) өтетін мүмкін жекпе-жек жайлы кезекті рет ашық мәлімдеме жасады.

offside.kz

Әлімханұлы Х әлеуметтік желісінде жазғандай ол қарсыласын толық жеңіп, барлық белбеуді өз иелігіне алуға бекініп отыр:

"Мен Карлос Адаместі құртамын. Оны нокаутқа жіберіп, зейнетке ерте шығарамын. Түтін тарқағанда, мен WBC және The Ring белбеулерін қоса алғанда, төрт чемпиондық белбеуді иығыма асынып тұрамын. Бұл айқас күзге дейін өтуі тиіс. Тек Адамес секілді артық бағаланған қорқақ тағы қашып кетпесе болғаны".

Қазір Жәнібек Әлімханұлы WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы саналады. Ал Карлос Адамес болса, WBC белбеуінің иегері. Олардың арасындағы мүмкін жекпе-жек төрт негізгі тұжырымның чемпионын анықтауы ықтимал.

Өткен аптада америкалық-доминикандық инсайдер Broadway Joel әлеуметтік желілерде Әлімханұлы мен Адамес тараптары келіссөздерді бастап кетті деген ақпарат таратты.

Бұған дейін Карлос Адамес Жәнібекті бірнеше рет келісімшартқа қол қоюдан бас тартты деп айыптаған. Оның айтуынша, Адамес командасы келісімшартты Жәнібекке электронды пошта арқылы жіберген. Бірақ жауап ала алмаған.