Танымал ресейлік боксшы Сергей Ковалев (36 жеңіс, 5 жеңіліс, 1 тең) Германия атынан өнер көрсететін қазақстандық Артур Манннан (22 жеңіс, 5 жеңіліс) соң ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Ковалевтің мұрны сынғаны анықталып, оған шұғыл операция жасалды. Жекпе-жектен кейін боксшы өзінің әлеуметтік желіде жағдайымен бөлісті:
"Дәрігер тағы бір тәулік бойы осы мұрын тығындарымен жүруді тапсырды. Мұрын арқылы тыныс алу мүлдем мүмкін емес, таңғы төртке дейін ұйықтай алмадым", — деп жазды ол.
Жекпе-жек сәуір айында өтіп, жетінші раундта Сергей Ковалев техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Осылайша ол IBA Intercontinental тұжырымы бойынша бірінші ауыр салмақтағы чемпиондық белбеуді иеленді.
Бұл 42 жастағы Ковалевтің кәсіби мансабындағы соңғы жекпе-жегі болды. Ардагер боксшы рингпен қош айтысты.