Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақ ММА тарихында көптен күткен реванш өтеді

Редактор Penalty.kz
25.04.2025, 08:00

Naiza промоутерлік ұйымы Қазақстанның ММА жанкүйерлерін елең еткізген жаңалығын бөлісті. 

stan.kz
Реклама
Реклама

Бұрынғы чемпион Қазбек Сағын (5-0) мен Бағдат Жұбаныш (5-1) арасындағы тарихи реванш 30 мамыр күні Қарағандыда өтеді. Naiza промоушні бұл жекпе-жекті былай сипаттады:

"Қазақстандық ММА тарихында көптен күткен және ең даулы реванш!" — деп жазды лига өзінің Instagram парақшасында.

2023 жылдың маусым айында Naiza 52 турнирі аясында осы екі мықты файтер 52 келі салмақта титул үшін кездескен. Сол кезде төрешілер шешімі жанкүйерлер арасында үлкен дау туғызып, нәтижеге наразы болғандар аз болмады.

Naiza лигасы бұл жекпе-жекті 2024 жылы ұйымдастыруды көздеген еді. Енді көп күткен сәт жақындап келеді.

Қазбек Сағын — жеңіліс көрмеген жас дарын, оның кәсіби рекорды 5-0. Ал Бағдат Жұбаныш 5 жеңіс пен 1 жеңілістен тұратын әсерлі статистикасымен танымал. 

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары