Шымкентте өткен Alash Pride 107 турнирінде қазақстандық файтер Сабыр Бекдәулет (3-1) өзбекстандық спортшы Дониёр Ёқубжоновтан (3-5) ерте жеңіліп қалды.
Alash Pride 107 турнирі аясындағы кездесуде алғашқы раундтың төртінші минутында өзбек файтері Дониёр Ёқубжонов аяғымен басынан дәл ұрып, Сабыр Бекдәулетті нокаутқа түсірді. Қазақстандық спортшы жерге құлаған сәтте Ёқубжонов қарсыласын аяқтай соққы жасауға ұмтылғанымен, төреші дер кезінде араласып, жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша Дониёр Ёқубжонов техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Нокаут сәтінің видеосын төменнен көре аласыз.
Айта кетейік, Alash Pride 107 турнирінің басты оқиғасы — өзбекстандық Бобур Абдулазизов (15-11) пен қырғызстандық Хумоюн Назаров (2-1) арасындағы айқас болады.