UFC турнирінде Шавкат Рахмоновтың салмағындағы басты жекпе-жектің жеңімпазы анықталды (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
27.04.2025, 11:26

Канзас-Ситиде (Миссури штаты, АҚШ) өткен UFC on ESPN 66 турниріндегі басты жекпе-жекте ирландиялық Иэн Гэрри (15-1) мен бразилиялық Карлос Пратес (21-6) октагонда кездесті. 

mmanews.com

Бес раундқа жоспарланған жекпе-жек жартылай орта салмақта өтті. Айта кетсек, дәл осы салмақ дәрежесінде Қазақстанның мақтанышы, жеңіліс көрмеген Шавкат Рахмонов (19-0) да өнер көрсетеді.

Тартысты айқас барлық бес раундқа созылып, соңында төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен Иэн Гэрри жеңіске жетті: ұпай көрсеткіштері – 48-47, 48-47, 49-46. Осылайша Гэрри кәсіби мансабындағы 16-жеңісіне жетті, ал Карлос Пратес өзінің жетінші жеңілісін тіркеді.

Еске сала кетейік, былтыр желтоқсанда Иэн Гэрри өзінің соңғы жекпе-жегінде дәл осы Шавкат Рахмоновқа төрешілердің бірауызды шешімімен есе жіберген. Ал Карлос Пратес болса, соңғы рет 2024 жылдың қарашасында америкалық Нил Мэгниді (29-13) бірінші раундта нокаутпен жеңген еді.