ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 26-тур

Қазақстан дзюдодан Азия чемпионатында үш қола медаль үшін таласады (ВИДЕО)

Бангкокте (Таиланд) өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында кезекті жарыс күні өтіп жатыр. 

Қазақстан дзюдодан Азия чемпионатында үш қола медаль үшін таласады (ВИДЕО)
instagram/@kaz_judoteam

Бастапқы кезеңдердің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының үш өкілі финалдық блокқа жолдама алды. Олар Азия чемпионатының қола жүлдесі үшін татамиге шығады.

Жұбаныш раундта өз қарсыластарын жеңген спортшылар:

  • Мейірлан Максим (90 кг дейін),
  • Ермахан Әнуарбеков (90 кг дейін),
  • Ақерке Рамазанова (78 кг жоғары).

Ақерке Рамазанова отандасы Назгүл Маратовамен белдесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Финалдық блок Астана уақытымен 14:00-де басталады.

Бұл туралы не ойлайсыз?