Қазақстандық дзюдошы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Мейірлан Максим Таиландтағы Азия чемпионатында 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль еншіледі. 

Қазақстандық дзюдошы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды (ВИДЕО)
instagram/@kaz_judoteam

Үшінші орын үшін өткен белдесуде Мейірлан Максим тәжік Умеджон Раджабовты жеңді. Қызықты өткен жекпе-жек "алтын уақыт" кезеңінде аяқталды. Қазақстандық спортшы қарсыласын иппон әдісімен жеңіп кетті. 

Ақерке Рамазанова.ФОТО: NUR.kz

Ал 78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түскен Ақерке Рамазанова үшінші орын үшін өткен кездесуде моңғолиялық Адьясурен Амарсайханға есе жіберді. Осылайша қазақстандық спортшы Азия чемпионатының жүлдегерлер қатарына ене алмады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір