Азия чемпионатының медальдар кестесі: Өзбекстан Қазақстанды шаң қаптырды

Редактор Penalty.kz
28.04.2025, 18:40

Бангкок қаласында өткен дзюдодан Азия чемпионаты ресми түрде аяқталды.

instagram@/kaz_judoteam

Құрлықтық біріншіліктің нәтижесінде медальдар саны бойынша көш бастаған елдер:

  1. Жапония — 9 алтын, 3 қола: 12 медаль.
  2. Өзбекстан — 2 алтын, 3 күміс, 3 қола: 8 медаль.
  3. Оңтүстік Корея — 2 алтын, 1 күміс, 4 қола: 7 медаль.

Қазақстан ұлттық құрамасы бұл тізімде 10-орынға тұрақтап, тек 4 қола медаль еншіледі.

2025 жылғы Азия чемпионатында Өзбекстан ұлттық құрамасы айтарлықтай ілгерілеу көрсетті. Былтырғы, яғни 2024 жылғы біріншілікте көршілеріміз бар болғаны 1 алтын, 1 күміс және 5 қола медальмен шектелген еді.

Биыл өзбек дзюдошылары Алексей Будылиннің басшылығымен жеке жарыстарда да, командалық кездесулерде де жалпы нәтиже бойынша үлкен серпіліс жасады. Тіпті финалда Өзбекстан спортшылары тек Жапония өкілдеріне ғана жол берді.

Қазақстан ұлттық құрамасы үшін бұл чемпионат сәтті өтті деп айту қиын. Төрт қола медаль иеленгенімен, алтын мен күмістен құр қалу ел дзюдосы үшін ойланатын мәселе екені анық.