Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстан мен Өзбекстан Азия чемпионатының "алтынын" сарапқа салды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
29.04.2025, 17:51

Иорданияда 15 жасқа дейінгі (U15) санаттағы ұлдар мен қыздар арасында алтын медаль үшін шешуші жекпе-жектер өтті. 55 келіге дейінгі салмақта Қазақстанның өкілі Нұрбақыт Төрегелді мен Өзбекстан спортшысы Хасан Холмұрадов чемпиондық атақ үшін қолғап түйістірді.

sportarena.kz
Реклама
Реклама

Алғашқы раундта Нұрбақыт қарсыласын қысымға алып, үнемі шабуылда болды. Өз кезегінде Хасан негізінен қарсы шабуылдарға иек артты. Қазақстандық боксшының белсенділігі өз жемісін берді — бес төрешінің үшеуі раундты Нұрбақыттың пайдасына бағалады.

Екінші үш минуттықта Нұрбақыт Төрегелді тоқтаусыз шабуылдап, дәл соққыларымен басымдық танытты. Бұл кезеңде төрешілердің барлығы оның айқын басымдығын мойындады.

Ақтық раундта Нұрбақытқа жеңіске жету үшін тек қарсыласынан нокаут болмау қажет еді. Ол бұл міндетті сәтті орындап, жекпе-жекті төрешілердің шешімімен жеңіспен аяқтап, Азия чемпионатының алтын медалін қанжығасына байлады.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары