Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақ баласы алтыннан қағылды! Отандасымызға Азия финалында не жетіспеді?

Сарапшы, спорт журналисі
29.04.2025, 18:19

Байрақты бәсеке WB нұсқасы бойынша жасөспірімдер арасында өтіп жатыр. 

sportarena.kz
Реклама
Реклама

Иорданияда бокстан WB нұсқасы бойынша 15–17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өз мәресіне жақындап келеді. Финалдық кездесулер аясында қазақстандық боксшы Жандос Қалханов 58 келі салмақ дәрежесінде өзбекстандық Джахонгирджон Усманқуловпен алтын медаль үшін жұдырықтасты.

Кездесу барысы

Бірінші раунд бірден қызу қарқынмен басталды. Қос боксшы да шабуылды тежемей, бірден белсенділік танытты. Усманқулов алдыңғы нөмірмен жұмыс істеп, ұзын қолын тиімді пайдаланды. Дегенмен Қалханов та қарсы шабуылдарды дер кезінде сәтті үйлестіріп отырды.

Екінші раундта өзбек боксшысы ринг орталығын толық бақылауына алды. Бірнеше айқын соққылармен ерекшеленді. Қалханов раунд соңында шабуылын үдеткенімен, екі минуттық кезеңде басымдық қарсыласында қалды.

Шешуші үшінші раундта Жандос барын салып, қарқынын күшейтті. Алайда тәжірибелі Джахонгирджон соққылардан шебер жалтарып, дәл әрі ауыр жауаптарымен басымдықты сақтап қалды.

Қорытынды нәтиже

Қазылар алқасы бір ауыздан жеңісті Джахонгирджон Усманқуловқа берді. Осылайша, алтын жүлде Өзбекстан қоржынына кетті.

 

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары