Қазақстандық боксшы финалда өзбек қарсыласын қалай жеңді? (ВИДЕО)
29.04.2025, 18:47
33 келіге дейінгі салмақта Қазақстан өкілі Дамир Жаншылықов пен өзбекстандық Темурбек Бахтиёров чемпиондық атақты сарапқа салды.
instagram/@boxingkazakhstan
Алғашқы раунд жоғары қарқынмен өтті. Дамир мен Темурбек бір-біріне ашық шабуылдап, бар күшін салды. Әрқайсысы сәтті шабуыл ұйымдастырып, қарсыласын нокдаунға жіберді. Нәтижесінде бірінші үш минуттықта төрешілер 3:2 есебімен өзбекстандық боксшыны алға шығарды.
Екінші раундта Дамир Жаншылықов қарқынын арттырып, айқын басымдық көрсетті. Бұл төрешілердің шешімінен де көрінді — барлық бес төреші раундты бірауыздан қазақстандықтың пайдасына жазды (5:0).
Шешуші кезеңде Дамир қарсыласынан толық басым түсіп, жекпе-жекті төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама