Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Балауса Мұздыманға титулдық жекпе-жек ұсынылды

Сарапшы, спорт журналисі
30.04.2025, 22:07

Ұсынылған қарсыластың бірі жеңіл салмақта абсолютті әлем чемпионы Габриэла Фундора. 

Sportburo.kz
Реклама
Реклама

Кәсіпқой бокс әлеміндегі жарық жұлдыздардың бірі — Балауса Мұздыман (7-0) — келесі қарсыласын таңдауға жақын. Оның менеджері Уля Мусаханова жанкүйерлерге үндеу тастады.

Мұздыманның менеджері жанкүйерлерден кеңес сұрады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Балауса Мұздыманның менеджері Уля Мусаханова әлеуметтік желіде жарияланған видеода спортшының соңғы жекпе-жегінен үзінділер көрсетіп, жанкүйерлерге былай деді:

«Балаусаның келесі қарсыласы ретінде кімді көретіндеріңізді бөлісіңіздер».

Жанкүйерлердің ұсыныстары: басты фаворит — Габриэла Фундора

Қазақстанның ең сұлу боксшысы атанған Мұздыманның жанкүйерлері бірнеше есімді ұсынды. Олардың ішінде ерекше назар аудартқан қарсылас — Габриэла Фундора (16-0, 8 KO). Ол — жеңіл салмақта абсолютті әлем чемпионы.

Лукас пен Фундора арасындағы жекпе-жек

Айта кету керек, бұған дейін Қазақстанның тағы бір жұлдызды боксшысы Ангелина Лукас Габриэла Фундорамен жекпе-жек өткізіп, абсолютті чемпион атағын иеленуді жоспарлап отырғанын мәлімдеген болатын. Бұл жекпе-жек те әлі күн тәртібінде тұр.

Мұздыманның соңғы жеңісі

Естеріңізде болса, Балауса Мұздыман 5 сәуір күні Астанада өткен бокс кешінде Филиппин боксшысы Мария Тереза Пинилиді (7-2, 2 KO) төрешілер шешімімен жеңген болатын. 

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары