UFC-де аса жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаевтың жаттығу сәттері желіде жарияланған болатын.
UFC-де аса жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаевтың жаттығу сәттері желіде қызу талқыға түсіп жатыр. Танымал боксшы Батыр Жүкембаев да видеоға өз реакциясын білдірді.
Қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаев, қазіргі таңда аса жеңіл салмақ дивизионында 9-орында тұрған файтер, әлеуметтік желіде өз жаттығуынан видео бөлісті. Онда ол ауыр кувалдамен автодөңгелекке соққы жасап, физикалық қуатын шыңдап жатқаны түсірілген.
Спортшы видеосын "Арыстан болғысы келген мысық тышқан аулаудан бас тартуы керек" деген мотивациялық жазумен жариялады.
Қазақстандық танымал кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (24-1, 17 KO) Алмабаевтың видеосына эмодзи арқылы пікір қалдырып, өз реакциясын білдірді.
Алмабаев соңғы жекпе-жегін 2 наурыз күні өткен UFC Fight Night 253 турнирінде өткізді. Ол португалиялық Манел Капемен кездесіп, үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңілді. Бұл оның UFC ұйымындағы бесінші жекпе-жегі болатын.