Ризабек Айтмұхан қажылық сапарға аттанған болатын.
Қазақстандық еркін күрес шебері, әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан қасиетті Мекке қаласына барып, қажылық парызын өтеді. Спортшы бұл туралы өзінің әлеуметтік желі парақшасында хабарлады.
Жақында ғана үйленген Ризабек Айтмұхан Меккеге жасаған қажылық сапары барысында Қағба алдында түскен суретін жариялап, "Аллаға шүкір" деген жазба қалдырды.
Спортшы 20 сәуір күні үйлену тойын өткізген болатын. Салтанатты шараға Қазақстан спортының көптеген жұлдыздары қатысты. Айта кетейік, Айтмұханның жары да – кәсіби спортшы, көркем гимнастикадан спорт шебері.
2024 жылдың наурыз айының соңында өткен Азия чемпионатында Ризабек финалда жапон балуанына жол беріп, үшінші мәрте Азия күмісін жеңіп алды.
2023 жылы Сербияда өткен әлем чемпионатында Айтмұхан қарсылас шақ келтірмей, әлем чемпионы атанған болатын.
Сондай-ақ ол Албания астанасы Тиранада өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында да алтын медаль жеңіп алған.