Dushanbe Grand Slam – 2025: Қазақстан дзюдошылары қай орында?

Редактор Penalty.kz
Бүгін, 00:04

Душанбеде өтіп жатқан дзюдодан "Үлкен дулыға" турнирінде екінші жарыс күні аяқталды. Қазақстан ұлттық құрамасы әзірге медальдар кестесінде 11-орында тұр.

idman.biz

Дзюдодан халықаралық Grand Slam турнирі Тәжікстан астанасы – Душанбеде өтіп жатыр. Екінші күннің қорытындысы бойынша көш бастап тұрған үш мемлекет:

  1. Тәжікстан: 3 алтын, 2 күміс, 3 қола
  2. Франция: 2 алтын, 1 күміс, 2 қола
  3. Моңғолия: 2 алтын, 1 күміс, 1 қола

Орталық Азиядағы тағы бір мықты құрама — Өзбекстан — 7-орынға тұрақтады (0 алтын, 1 күміс, 3 қола).

Қазақстан құрамасы турнирдің алғашқы күнінде бір ғана медаль жеңіп алды. Қола жүлдені 48 келіге дейінгі салмақта Әбиба Әбужақынова еншіледі. 

Қалған қатысушылардың жолы бола қоймады. Екінші күні татамиге шыққан:

Аңсарбек Ғайнуллин (73 кг), Ықылас Әлсейіт (73 кг), Досхан Жолжақсынов (81 кг) бәрі де жарыстың 1/16 финалында жеңіліп қалды. Осылайша медальдық көрсеткішті жақсартуға мүмкіндік болмады.