Қазақстандық таеквондошылар клубтық Азия чемпионатын жеті медальмен аяқтады
05.05.2025, 20:45
Қытайдың Уси қаласында таеквондодан клубтық Азия чемпионаты аяқталды. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жеті медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте төртінші орынға табан тіреді.
sports24.kz
Чемпиондық тұғырға шыққандар қатарында әйелдер арасында 57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Мария Севостьянова мен ерлер арасында 68 келіге дейінгі салмақта сайысқа түскен Дамир Шуленов бар. Екеуі де қарсыластарын сенімді түрде жеңіп, алтын медаль иеленді.
Ауыр салмақ дәрежесінде (87 келіден жоғары) өнер көрсеткен Бейбарыс Қаблан финалға дейін жетіп, күміс медаль еншіледі.
Ал төмендегі спортшылар қола медаль жеңіп алды:
- Нодира Ахмедова (49 кг дейін)
- Темірлан Тілеулес (58 кг дейін)
- Әлтаир Өмірбеков (74 кг дейін)
- Батырхан Төлеуғали (80 кг дейін)
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама