РесейлікАтақты ММА жауынгері рингке қайта шықпайды, бірақ тележобада бой көрсетеді.
ММА жекпе-жек шебері Александр Емельяненконың мансабы ресми түрде аяқталғаны белгілі болды. Бұл туралы оның менеджері Sport24.ru-ға берген сұхбатында мәлімдеді.
Наурыз айында Мәскеуде 43 жастағы спортшы омыртқасына операция жасатып, ұзақ уақыт бойы арбада қозғалып жүрген еді. Қазір ол Ингушетияда оңалту кезеңінен өтіп жатыр.
"Александр қазір өздігінен жүріп-тұра алады. Жеңіл жаттығуларды да бастады. Сондықтан таяу арада денсаулығы қалпына келеді деп үміттенеміз", — деді спортшының өкілі 360.ru арнасына берген пікірінде.
Дегенмен өкілінің айтуынша, Александр Емельяненко спортқа толық қалпына келген соң да қайтып оралмайды. Оның орнына жаңа тележобаға қатысатыны нақтыланды. Бұл Емельяненконы енді экран арқылы көретін боламыз деген сөз.