Неге Қазақстан дзюдодан Өзбекстаннан артта қалып отыр?

Редактор Penalty.kz
08.05.2025, 19:55

Азия чемпионатындағы нәтижелерден кейін сарапшылар жүйелік айырмашылықтарға назар аударып жатыр. 

qmonitor.kz

Жақында өткен Азия чемпионатында Қазақстан дзюдо құрамасы Өзбекстаннан қалып қойды. Жалпыкомандалық есепте Өзбекстан сегіз жүлдемен көш бастады:

  • 2 алтын
  • 3 күміс
  • 3 қола

Ал қазақстандықтар төрт қола медальмен шектелді. Жүлдегерлер қатарында:

  • Ғалия Тынбаева (48 кг),
  • Шерзод Давлатов (60 кг),
  • Бақыт Құсақбаева (57 кг),
  • Мейірлан Максим (90 кг).

Қазақстан құрамасының кеңесші жаттықтырушысы Роберт Мшвидобадзе Өзбекстанмен бәсеке туралы ойын ашық айтты:

“Өзбекстанда мықты команда бар. Ең бастысы — олар жылдар бойы жүйелі түрде жұмыс істеп келеді. Дайындық бағдарламалары нақты, құрылымы тұрақты. Ал бізде бәрі басқаша. Мен командаға келген кезде спортшылардың физикалық дайындығы нашар болды. Әсіресе, күрестегі ең маңызды элемент — “захватпен” жұмыс мүлде жолға қойылмаған. Тіпті, спортшылар бұл бағытта қалай жұмыс істеуді білмейді екен”.

Маман Тәжікстан мен Өзбекстандағы жүйелі көзқарастың нәтижесі ретінде олардың тұрақты дамуын мысалға келтірді.

Енді назар Астанада өтетін Grand Slam жарысына ауады. Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтетін жарыста 48 елден 400-ден астам дзюдошы бақ сынамақ.

Айта кетейік, осы турнирде Олимпиада-2024 қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев халықаралық татамиге қайта оралмақ.