Qazaqstan Barysy Grand Slam: Бүгін татамиге шығатын қазақстандықтар тізімі

Редактор Penalty.kz
Бүгін, 12:10

Астана төрінде өтіп жатқан дзюдо турнирінің екінші жарыс күні Қазақстан құрамасынан 13 спортшы үлкен сынға түседі. 

instagram/@kaz_judoteam

Жарыс форматы мен маңыздылығы

IJF (Халықаралық дзюдо федерациясы) ережелеріне сәйкес, жеңімпаз бен жүлдегерлерге келесідей ұпайлар беріледі:

  • Алтын медаль1000 ұпай
  • Күміс медаль700 ұпай
  • Қола медаль500 ұпай

Турнир туралы ақпарат

Жарыс Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтіп жатыр. Аталған додаға 48 елден 400-ден астам спортшы қатысып, Азиядағы басты дзюдо оқиғаларының біріне айналып отыр.

10 мамырда татамиге шығатын қазақстандықтар

Ерлер 73 келі:

  • Қуан Барыс vs Леонардо Валериани (Италия)
  • Саят Сейітқалиев vs Этан Наирн (Ұлыбритания)
  • Бақытжан Абдурахманов vs Чанг Кен Сянь (Қытайлық Тайбэй)
  • Есет Қуанов vs Карен Галстян (IJF)

81 келі:

  • Азат Күмісбай vs Владислав Колобов (Украина)
  • Абылайхан Жұбаназар vs Арис Сарагкас (Грекия)
  • Айғали Қалдыбек vs Павел Дрзималь (Польша)
  • Жалғас Қайролла vs Петр Млади (Чехия)

Әйелдер 63 келі:

  • Асылжан Орынбасарова vs Анастасия Антипина (Украина)

70 келі:

  • Анастасия Морозова vs Мартина Эспозито (Италия)
  • Кристина Сотникова vs Ли Еранг (Оңтүстік Корея)
  • Аруна Жангелдина vs Сара Мехлау (Германия)
  • Диана Телбаева vs Аквилина Чайеб (Ливан)

Күн тәртібі

  • Іріктеу кезеңі: 10:30
  • Финалдық белдесулер: 17:00
  • Тікелей эфир: Qazsport арнасында

Кеше кім не алды?

9 мамырда, жарыстың алғашқы күнінде:

  • Ғұсман Қырғызбаев (66 кг) пен Талғат Орынбасар (60 кг)күміс жүлдегер;
  • Аман Бақытжан мен Мағжан Шамшадинқола медаль иегері атанды.