Жекпе-жек сарайында — сенімді жеңістер
Абылайхан дүбірлі додада 81 келіге дейінгі салмақта ел үмітін ақтап келеді.
- Алғашқы белдесуде ол грек Арис Сарагкасты иппонмен жеңсе,
- Екінші айналымда тәжікстандық Мұхаммад Юсуфзодадан да иппонмен басым түсті.
- Үшінші кездесуінде Грузия елінің мықтысы Заур Давалишвилиді вазари әдісімен жеңіп, жартылай финалға шықты.
Алда — оңай қарсылас емес
Финалға шығу үшін Абылайханға Оңтүстік Кореяның атақты дзюдошысы Чжун Хван Лимен белдесу керек. Бұл — қиын қарсылас. Бірақ Жұбаназардың қазіргі қарқынына қарап, жанкүйерлер жеңістен үміттеніп отыр.
Абылайхан Жұбаназар жайлы не білеміз?
- Туған күні: 5 ақпан 2000 жыл
- Туған жері: Қызылорда қаласы
Негізгі жетістіктері:
- Grand Slam күміс жүлдегері (2023)
- 4 мәрте Grand Slam қола жүлдегері (2023, 2024, 2025)
- 2023 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері
- ҚР спорт шебері
- Халықаралық дәрежедегі спорт шебері
- 2024 жылғы Олимпиадаға қатысқан
- Әлемдік рейтингтегі орны: 15-орын (2129 ұпай)