Әли Ахмедов сенсациялық жеңілісінен кейін бір шешімге келді

Редактор Penalty.kz
15.05.2025, 12:00

Ақпанда сенсациялық түрде нокаутпен жеңілгеннен кейін үзіліс алған қазақстандық боксшы қайтадан жаттығу лагеріне оралды. 

Ulyssport.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахмедов (23-2, 17 KO) күтпеген нокауттық жеңілістен кейін қайта жаттығуға оралды.

Қайта лагерьге оралды

28 ақпан күні Астанада өткен жекпе-жекте Әли Ахмедов поляк боксшысы Мацей Сулецкиге (33-3, 13 KO) техникалық нокаутпен есе жіберіп, WBC Silver белбеуі үшін өткен кездесуде жеңіліп қалған еді. Осыдан кейін боксшы спорттан біраз уақытқа үзіліс алып, жаттығуларын тоқтатқан болатын.

Алайда жуырда Жанқош Тұраров өзінің Instagram парақшасына Ахмедов және бапкері Сағатбек Мусахановпен бірге түскен суретін жариялады. Сурет астына:

«Жаттығу лагері» — деп жазды.

Бұл – Ахмедовтың спортқа қайта оралғанының алғашқы белгісі ретінде қабылдануда.

Келесі жекпе-жек қашан?

Әзірге Әли Ахмедовтың келесі қарсыласы мен жекпе-жек уақыты белгісіз. Бірақ жанкүйерлер Ахмедовтың қайта рингке шығуын асыға күтуде.