Қазақ қызы каратэден Азия чемпионатында медаль жеңіп алды (ФОТО)

Редактор Penalty.kz
24.05.2025, 12:41

Өзбекстан астанасы Ташкентте каратэден Азия чемпионаты басталды. Әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды.

instagram/@moldir_zhanbyrbay

Жеңіске деген жігер: Жапониялық қарсыласын жолда қалдырды

Жартылай финалда малайзиялық спортшы Чандран Шахмалараниден ұтылғанына қарамастан Мөлдір қола медаль үшін өткен жекпе-жекте Айка Окадзакиді жеңіп кетті.

Жарыстан кейін Мөлдір Жанбырбай өз әсерін айтты:

"Бәрі жақсы басталды. Бірақ жартылай финалда жылдамдық жетіспей қалды. Қателіктерге де жол бердім. Соған қарамастан бұл нәтиже мен үшін маңызды. Алда әлі талай жарыс бар. Ел үмітін ақтау үшін бар күшімді саламын", – деді спортшы.

Толық жинақ: Азия чемпионаттарындағы алтын, күміс және қола

Бұл — Мөлдір Жанбырбай үшін Азия чемпионаттарындағы үшінші медаль. Бұған дейін ол алтын мен күміс жүлде еншілеген. Енді қола жүлдемен толық жиынтықты түгендеп отыр.