Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Мераб Двалишвили реваншқа екі апта қалғанда жарақат алды

Редактор Penalty.kz
24.05.2025, 13:19

UFC 316 турнирінде Шон О'Мэллимен өтетін тарихи айқасқа екі апта қалғанда грузиялық спортшы аяғынан жарақат алды. 

ria.ru
Реклама
Реклама

Двалишвили шегінбейді

UFC-дің жеңіл салмақтағы қазіргі чемпионы Мераб Двалишвили жаттығудың шешуші кезеңінде аяғының башпайын жарақаттап алды. Жарақат оның 7 маусымда өтетін UFC 316 турниріндегі басты қарсыласы экс-чемпион Шон О’Мэллиге қарсы реванш алдында тіркелді.

Алайда Двалишвили жарақатқа қарамастан октагонға шығуға дайын екенін кесіп айтты.

Двалишвили: "Қажет болса, башпайымды кесіп тастаймын"

Спортшы Instagram желісіндегі жеке парақшасында жариялаған видеосында әзіл-шыны аралас былай деді:

"Ештеңе етпейді. Қажет болса, башпайымды кесіп тастаймын".

Бұл сөздерінен оның тек физикалық емес, рухани жағынан да жекпе-жекке толық дайын екенін байқауға болады.

ФОТО: instagram/@merab.dvalishvili

UFC 316: күткен реванш

Айта кетейік, Мераб Двалишвили мен Шон О’Мэлли арасындағы алғашқы айқас 2024 жылдың қыркүйегінде өткен. Сол кезде төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіс грузиялық спортшының еншісіне жазылды. Енді Ньюарк (АҚШ) қаласында өтетін UFC 316 турнирінде қос қарсылас екінші мәрте күш сынаспақ. Бұл реванш UFC жанкүйерлері үшін биылғы жылдың басты оқиғаларының бірі болмақ.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары